Герольд Карлович Бельгер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жазушы Герольд Карлович Бельгер (1934 жылы 28 қазанда Энгельс қаласы, Еділ маңы немістерінің АКСР - 2015 жылы 7 ақпанда Алматы<ref>http://khabar.kz/ru/novosti-50/obshchestvo/item/13315-v-almaty-skonchalsya-izvestnyj-kazakhstanskij-pisatel-gerold-belger</ref>) — жазушы, сыншы, аудармашы, публицист, әдебиет зерттеушісі және қоғам қайраткері. Қазақстанның халық жазушысы. ҚР Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты.

Өмірбаяны

  • Герольд Бельгер 1934 жылғы 28 қазанда Саратов облысындағы Энгельс қаласында туған.
  • 1941 жылы ол отбасымен бірге неміс ұлтының өкілі ретінде Қазақстанға жер аударылған. Ол осыдан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы қазақ ауылында өсті. Осында ол қазақ тілін жетік меңгеріп шықты.
  • Ол Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының әдебиет факультетін бітіріп, еңбек жолын Жамбыл облысында орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беруден бастады.
  • 19581960 жылдары Жамбыл облысының Байқадам совхозындағы орта мектепте мұғалім,
  • 19601963 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің аспирант
  • 19631964 жылдары «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер болды.
  • 1971 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болды.
  • 1992 жылдан неміс тіліндегі «Феникс» альманағының бас редакторы.
  • 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
  • Ол неміс мәдени қоғамы Алматы қаласындағы бөлімшесінің төрағасы, Қазақстан немістері кеңесінің мүшесі және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі болды.

Шығармашылығы

Герольд Бельгер 53 кітаптың авторы. Қазақ әдебиетінің Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Әбдіжәміл Нұрпейісов секілді классиктерінің шығармаларын орыс тіліне аударды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Еңбектерінде ол Абайдың сан қырлы шығармашылық дарынына, ақындық құдіретіне, жаңашыл дәстүріне шолу жасады. И. В. Гете мен А. Құнанбаев шығармалары үндестігінің филос., эстетик., этик., психол. заңдылықтарын талдады. Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» шығармасы негізінде туындаған М. Ю. Лермонтовтың «Тау шыңдары» мен Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдеріндегі поэтикалық рухани бірлігін, әлеуметтік ой толғауындағы жақындық пен тамырластықтың түп төркінін ашып көрсетті. Абай өлеңдерінің орыс тіліне аударылуындағы жай-күйіне, ақынның кемел ойы мен көркем теңеулерін тәржімелеудегі кемшіліктерге, текстолгиялық ала-құлалықтарға, жаңсақ жазылған сөздерге тоқталды. Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нүрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, т.б. қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшалан орыс тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер, т.б. неміс жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды. Жиырмадай жинақтың қүрастырушысы және жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25-тей жинақтары бар.

Шығармалары

  • «Сосновый дом на краю аула.» А-А., 1973
  • «Даладағы шағала.» А., 1976
  • «Алтын асу.» А., 1977
  • «Живые предметы родства.» А-А., 1981 (неміс тілінде)
  • «Лицом к лицу со временем.» А-А., 1985 (неміс тілінде)
  • «Мотивы трех струн.» А-А., 1986
  • «Тас өткел.» М., 1987
  • «Гете и Абай.» А-А., 1989
  • «Завтра будет солнце.» А., 1992
  • «Земные избранники.» А., 1995
  • «Тихие беседы на шумных перекрестках.» А., 2001
  • «Этюды о переводах Ильяса Жансугурова.» А., 2001
  • «Казахское слово.» Астана, 2001
  • «Дом скитальца.» Астана, 2003
  • «В темный час перед рассветом.» А., 2003
  • «Карл Бельгер - мой отец.» А., 2003, т.б.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref><ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref><ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
  • «Үндестік» (А., 1982),
  • «Гете және Абай» (А., 1989, екеуі де орыс тілінде) зертеу еңбектер,
  • «''Шың''»,
  • «Туыстықтың жанды өрнектері» (А., 1981, неміс тілінде),
  • «Асылға абай болайық» («Қазақ әдебиеті», 1985, 9 мамыр),
  • «Ақындар сыры» («Простор», N° 2, 1992) т. б. қазақ, орыс, неміс тілдерінде оннан астам мақала,
  • «Мұнартау» («Жалын», № 1, 1974) атты көркем әңгіме.

Марапаттары

  • 1970 жылы "Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл" медалі
  • КСРОның "Еңбек ардагері" медалі
  • 1987 жылы Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері
  • 1988 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері
  • 1992 жылы ҚР Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты.
  • 1994 жылы парасат ордені (№1)
  • 1996 жылы Қазақстан-дағы ПЕН клуб сыйлығы.
  • 2001 жылы "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
  • 2004 жылы "Тыңға 50 жыл" медалі
  • 2005 жылы "ҚР Конститутциясына 10 жыл"медалі
  • 2006 жылы "ҚР Парламентіне 10 жыл" медалі
  • 2007 жылы «Алтын самұрық» сыйлығы
  • 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
  • 2010 жылы "Германия алдындағы еңбегі үшін" ордені
  • 2010 жылы президенттің жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат ІІ дәрежедегі Достық орденімен марапатталған.

Отбасы

Үйленген. Жұбайы - Хисматуллина Раиса Зәкірқызы, педагог. Қызы - Ковалева Ирина, актриса, кинорежиссер. Немересі - Всеволод (1988 жылы туған), шөбересі - Юлиана (2005 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер