Георгий Афанасьевич Коломакин
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Георгий Афанасьевич Коломакин (5.5.1902, Ростов облысы Каменск ауданы Каменское селосы – 28.11.1974, Мәскеу қаласы) – ветерниария ғылымының докторы (1964). Мәскеу зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген (1931).
- 1931-1937 - Қызыл Армияда және
- 1937-1940 - Мәскеу облысында мал дәрігері, Бүкілодақтық эксперименттік медицина институтында ғылыми қызметкер,
- 1941-1968 - Талдықорған ғылыми-зерттеу станциясында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі,
- 1968-1973 - Қазақ малдәрігерлік ғылыми-зерттеу институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған.
«Бруцеллез в Алма-Атинской области Казахской ССР и борьба с ним» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми еңбектері эпизоотология мәселелеріне арналған.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>