Геологиялық қима сипаттарын геофизикалық мәліметтер бойынша болжау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геологиялық қима сипаттарын геофизикалық мәліметтер бойынша болжау. тау жынысытардың литологиялық-фациялық сипаттарын, олардың жинауыштық қабілеттерін, жинауыштардың мұнаймен немесе газбен қанығу дәрежесін, қалыптан тыс көрсеткіштермен сипатталатын қойнауқаттық қысым белдемдерін. тау жынысытардың қаттылығын (бұрғылауға икемділігін) анықтау мақсатынла қолданылатын геофизикалық зерттеулердің жаңа бағыты. Сөз болып отырған болжамдарды жүзеге асыруда әр түрлі геофизикалық зерттеу әдістері қолданылады. Мәселен, сейсмобарлау кемегімен сейсмикалық толқындардың жылжу жылдамдығындағы өзгерістер, шөгінді тыс қимасындағы сейсмикалық энергияның шағылысу және тұтылу ерекшеліктері, электрбарлау көмегімен тау жынысытардың электрлік өткізгіштігі мен жасанды полюстану көрсеткіштері. гравитациялық барлау деректері көмегімен шөгінді тысқа тиесілі тау жынысы тығыздықтарының өзгешеліктерінен туындайтын ауырлық күшінің жергілікті қалыпсыздықтары, магнитбарлау мәліметтері көмегімен шөгінді тау жынысытардың кейбір түрлерінің қалыптан тыс магниттелуінен туындайтын геомагниттік өрістердегі жергілікті қалыпсыздықтар анықталады. Зерттелген нысандардың физикалық сипаттарын, олардың орналасу тереңдігі мен пішін ерекшеліктерін саралау нәтижесінде қиманы литофизикалық кешендерге жіктеу олардың физикалық қасиеттерінің (жинауыштық қабілетін қосып есептегенде) көлбеу бағыттағы өзгермелілігін қадағалау, әр түрлі кешендер құрамындағы ірі-ірі мұнайгазды жатындарды даралау, магмалық денелерді, тұзды штоктардш қойнауқаттық қысым қалыптан тыс керсеткіштермен сипатталатын өңірлердц қойнауқаттық сулардың жоғары дәрежелі минералдану белдемдерін тап басу мүмкіндігі жүзеге асады. Сөз болып отырған болжау жұмыстарының зерттеу нысаны қалыңдығы жүздеген метрмен өлшенетін қойнауқаттар болып табылады, ерекшеліктері өте айқын болған жағдайда ғана Мұндай нысандар рөлін қалыңдығы ондаған метрмен өлшенетін жұқа қабаттар атқара алады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}