Геологиялық барлау жұмыстарының әдістемесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геологиялық барлау жұмыстарының әдістемесі. Нақтылы геологиялық жағдайларда орыналасқан мұнай және газ кенорындарын іздеу және барлау, белгілі бір аймақтың мұнай және газ кенорындарына деген мүмкіндіктерін бағалау мәселелерін шешу мақсатында өзінің нәтижелеріне қойылатын талаптарға сай жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстарын іс-тәжрибеде жүзеге асырудың ұстанымдары мен әдістерінің жиынтығы. Геологиялық барлау жұмыстарының әдістемесі мұнай және газ геологиясының теориялық негіздері дамуының нәтижелерінен, өр түрлі геологиялық жағдайларда ұшырасатын мұнай және газ кенорындарын іздеу, барлау және игеру тәжрибелерін талдау және қорытындылау мәліметтерінен туындайтын үстанымдарға негізделеді. Аталған ұстанымдардың ең негізгілері: зерттеудің толықтығы (іздеу мен барлауды ұтымдылық тұрғысынан шектеу); қажетті қорытындыға бірте-бірте жақындай түсу (геологиялық барлау жұмыстарының сабақтастығы); нысандарды зерттеудің біркелкілігін қамтамасыз ету (шындыққа сәйкестіктің біркелкілігі); уақытты, еңбекті және материалдық құралдарды мүмкіншілігінше азырақ шығындау.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}