Мұнай және газ геологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мұнай және газ геологиясы. Мұнай мен газ — шоғырларының жер қыртысында таралу ерекшеліктерін,олардың өндірістік тұрғыдан кәдеге асатындарын іздестіру және жалпылама қорын анықтау шараларын біріктіретін геологиялық ілім. Бұл арнаулы ілім түрлі түйткілдемені шешуге ат салысады. Олардың ішінде:мұнай мен газ кендері шоғырларының орналасу сипаттарын анықтау; мұнай мен газдың шығу тегі жайлы тұжырымдарды негіздеу; мұнай мен газ шоғырларының қалыптасу заңдылықтарын жасақтау; мұнай-газ кендері мен шоғырларын геологиялық тұрғыдан барлау тәсілдерін жүзеге асыру.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref><ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}