Геннадий Георгиевич Павлюк

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Genady Pavliuk Monument.jpg
Бишкектегі Геннадий Павлюкке арналған ескерткіш

Геннадий Георгиевич Павлюк, лақап аты Ибрагим Рустамбек (1958 — 2009 22 желтоқсан, Алматы) — тәуелсіз журналист. Қазақ, Қырғыз, Ресейлік БАҚ - ында жарияланып тұрды. Бішкек және Шолпон-Ата қалаларында тұрған. Ресей журналистер Одағының мүшесі, түрлі халықаралық сыйлармен, сыйлықтармен марапатталған.

Өмірбаяны

Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз Ұлттық университетін және Белоруссия мемлекеттік университеті асперантирасын бітірген,филология ғылымдарының кандидаты. «Қырғызстан Аргументтері мен фактілері », «Ақ кеме» газеттерінің негізін қалаушысы және бас редакторы. Қырғызстандағы «Комсомол шындығы» өкілдігінің бас редакторы болып та жұмыс жасады.

Алматыда өлтірілген. 16.12.2009 байланған қол - аяқтарымен 6 қабаттан лақтырылғаны анықталған. Есін жимай, қайтыс болған. <ref name=ferg/>

2011 жылдың 8 қазанында Бішкекте журналист атына ескерткіш ашылды. <ref name=ferg>24.03.2011 МВД Казахстана: В убийстве киргизского журналиста Геннадия Павлюка обвиняются три человека</ref>

Жесір қалған Ольга Колосованың айтуы бойынша «тергеудің тек бір ғана нұсқасы бар, БАҚ - пен жарияланған. Оны сейфтің құпи сөзін білу үшін ұрлап кетуі мүмкін дейді, сейфте көп қаражат және құнды заттар болғандығы расталған.» <ref>Завершено следствие по делу об убийстве киргизского журналиста Геннадия Павлюка — ЖурДом</ref>

2010 жылы Геннадийге Бішкек қаласындағы Баялин атындағы жасөспірімдер кітапханасының маңында ескерткіш қойылған. Алайда 250 килограмдық қола ескерткіш екі жылдан кейін - 2012 жылдың 20 мамырында ұрланып кеткен. Кейіннен оны кесілген күйінде тауып алған, қайта қалпына келтіру үшін шамамен 100 кг қола жетіспеген. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев жеке қорынан қаражат бөлген. <ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сілтемелер