Выготский Л. С.

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Выготский Л. С. (1896-1934) - әлемдік психологияда әйгілі кеңес психологі. Оның жасаған жоғары психикалық функциялардың дамуында мәдени-тарихи концепциясының теориялық және эмпириялық мүмкіндіктерінің маңызы өте зор. Л. С. Выготскийдің көптеген еңбектері балалар мен педагогикалық, арнайы және клиникалық психологияның өзекті әрі іргелі мәселелерін қамтиды. Ол оқу-тәрбие істерінің бала психикасын дамытуда шешуші қызмет атқаратынын нақты тәжірибелік мысалдармен дәйектейді. Арнайы психология саласында Л.С.Выготский кемтар балаларды оқыту мен тәрбие істерінде тиімді жолдар арқылы елеулі табыстарға жетуге болатындығын ғылыми тұрғыдан ашып көрсетті. Оның зерттеу нәтижелері тек психологияға ғана емес, адамтану ғылымдарына қатысты өзге де ғылыми пәндер болып саналатын: дефектология, тіл білімі, психиатрия, өнертану, этнографияның дамуына пайдалы үлесін қосты. Выготский мектебінің өкілдері (Божович Л.И., Запорожед А.В., Левина Р.Е., Леонтьев А.Н., Луріія А.Р., Эльконин Д.Б.,т.б.) Нtгізгі еңбектері: 6-томдық шығармалар жинағы (1982-1984) "Пtдагогикалық психология"(1926), "Қылықтар тарихының этюдтары"(1931, Луриямен А.Р. бірге), "Өнер психологиясы"(1965), т.б.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}