Виктор Мироголов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Виктор Мироголов (1939-1998) - Семей облысының Қазаншұңқыр кенішінде туған.

Еңбек жолы

1961 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің геология-география факультетін бітірт, инженер-гидрогеолог, мектепте оқу ісінің меңгерушісі, «Золотая Чукотка» газетінде бөлім бастығы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының деректі хроникалық бірлестігінде бас редактордың орынбасары, «Жаңа фильм» журналында бас редактордың орыс әдебиеті жөніндегі орынбасары, «Жазушы» баспасы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған,«Простор» журналында істеген. Баспасөз бетінде 1959 жылдан көріне бастаған. Оның кітаптары Мәскеу, Алматы баспаларынан бірнеше дүркін жарық көрген. Республикалық газеттерде жұмыс істеген. 1997 жылдан «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы болып қызмет еткен. 2003 жылдан бері «Простор» журналында бас редактор. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.

Еңбектері

Отыздай астам деректі және ғылыми-көпшілік фильмдердің сценарийлерін жазған. Қазақ қаламгерлері Ә.Таразидің, Д.Досжановтың, О.Бөкеевтің, Ә.Нұршайықовтың шығармаларын І.Есенберлиннің «Алтын орда» трилогиясын орыс тіліне аударған. Шығармалары: Голоса тишины. Повесть. М., «Мысль», 1976; Каждый за всех. Повесть. М., Молодая гвардия, 1982; Роза ветров. Повести и рассказы. А., «Жазушы», 1983. Д.Досжановтың, Б.Мүқаевтың, т.б. қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударған. «Хроника великого джута» деректі повесі (1990, 1996), бірқатар очерктер жинағы, «Прямая речь» (1983), «Весть» (1994), «Немерцающий свет» (1996), «Ограда» (1999), «Молитвенный дым» (2003), «Колыбельная изпод небес» , «Молчунтрава», «Золотая дремота» (2005), «Пыльца», «Годовая свеча» (2006), «Русский хаос» (2007), «Паслен», «Тысячелетие другое», «Угол сердца» (2008) өлеңдер жинағы жарық көрген. КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1987). Поэзия академиясының корреспондентмүшесі (Москва). Өлеңдері «Антология русского лиризма. XX век» (Москва, 2000), «Антология русского зарубежья» (Москва, 2005), «Молитвы русских поэтов. ХІXXІ вв.» (Москва, 2009) сияқты антологияларға енген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Парасат» орденімен (1996), екі медальмен марапатталған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}