Виктор Валерийұлы Темірбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Виктор Валерийұлы Темірбаев (16 шілде 1967, Павлодар) — қазақстандық дипломат, елші. І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.
Өмірбаяны
1967 жылы 16 шілдеде Павлодарда дүниеге келді.
Білімі
1993 жылы Мәскеу электронды машина жасау институтын “радиоинженер-құрылысшы”, 1999 жылы Ресей СІМ Дипломатиялық академиясын “халықаралық қатынастар” мамандығы бойынша тәмамдады.
Мансабы
- 1986—1988 — КСРО Қарулы Күштерінде әскери қызмет:
- 1991—1993 — “Қазақстан қаржы-өнеркәсіптік тобы” АҚ менеджері;
- 1993—1994 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының референті;
- 1994—1994 — Мемлекеттік протокол басқармасының референті;
- 1994—1997 — Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысі;
- 1999—2003 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі;
- 2003—2005 — Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің бірінші хатшысы;
- 2005—2006 — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментінің бөлім бастығы, Азия ынтымақтастығы департаментінің бөлім бастығы;
- 2006—2007 — АӨСШК Хатшылығының саяси бөлімінің басшысы;
- 2007—2008 — “Қазына” ТДҚ АҚ өкілдігі басшысының орынбасары;
- 2009—2010 — «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Корпоративтік даму департаментінің директоры;
- 2010—2018 — Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі;
- 2018—2022 — Қазақстанның Литвадағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2019—2019 — Қазақстанның Латвиядағы елшісі;<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>
- 2022 — Қазақстанның Болгариядағы елшісі.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Жеке өмірі
Үйленген, 4 бала тәрбиелеуде.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Әкесі Валерий Батаевич Темірбаев (1941 туған) — Қазақстанның Ресейдегі (1993—1994), Беларусьтегі (1994—1996), Түрікменстандағы (1996—1999) елшісі және ТМД Жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкілі (1995—1996).<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Орыс, ағылшын және испан тілдерін меңгерген.
Марапаттары мен атақтары
- І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.