Введенский қасқыржемі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Введенский қасқыржемі (Үлгі:Lang-la) – қасқыржемдер тұқымдасының қасқыржем туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның тек қана оңтүстігінде, Әлімтау тауының беткейлеріндегі қызыл балшықты жерлерінде өседі. Биіктігі 30 – 60 см. Тік сабағына имектеліп келген жай бұтақтары орналасады. Көкшіл сұр түсті. Гүлдері бұтақ түбіне орналасқан. Гүлтұғырының ұзындығы 8 мм-дей. Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жидегі домалақ, ақшыл түсті. Введенский қасқыржемі өте сирек кездесетін эндемик болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Введенский қасқыржемі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}