Василий Несіпқазыұлы Рысбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Василий Несіпқазыұлы Рысбаев (31 қазан 1959, Саты ауылы, Кеген ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) - қазақ, генерал-майор. (05.05.2008).

Орта мектептен кейін Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесін (1983), М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген (1996). 1978— 79 жылы КСРО ҚК катарында мерзімді қызмет атқарған кейін Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесінің курсанты, Мәскеу ӘО гвардиялық оку танкі дивизиясы гвардиялық оқу мотоатқыштар полкі (мотополк) жаяу әскер соғыс машиналары оқу взводының командирі, оқу-әскери қару-жарақ және техникалар ротасының командирі, Қиыр шығыс ӘО жас мамандарды дайындау округтік оку орталығы (ОО) оку мотополкі сақтау және қызмет ету ротасының командирі (1979—99), Қиыр шығыс ӘО жас мамандарды дайындау ОО оқу мотополкі штаб бастығының орынбасары - оку бөлімшесініц бастығы, Жеке тәртіптік батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академия тыңдаушысы (1991-96), Жас мамандарды дайындау гвардиялық ОО мотоатқыштар полкінің командирі, Жеке мотобригадасының командирі, Оңтүстік ӘО басқару штабы жедел басқарма жедел кезекшілер болімінің бастығы, жас мамандарды дайындау гвардиялық ОО бастығының орынбасары - штаб бастығы (1996-2003), Механикаландырылған дивизия командирі, Жеке механикаландырылған бригада командирі, ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары — қолбасшы басқармасы штабының бастығы, ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары - штаб бастығы, 2010 жылы наурызынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.

3-дәрежелі «За службу Родине в ВС СССР» орденімен (1988 жылы), медальмен марапатталған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер