Василий Васильевич Терентьев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Терентьев Василий Васильевич (13.1.1932 жылы туған, Ресей, Бурят АКСР-і, Мухоршибир ауданы) – ауыл шаруашылығы ғылымының докторы (1985).

Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1958).

Жамбыл мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе стандартында аға ғылыми қызметкер (1958–62), 1962 жылдан Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирант, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1984 жылы «Научные основы и практические приемы создания и совершенствования кроссбредных овец в Западном Казахстане» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Ғылыми еңбектері қой шаруашылығы мәселелеріне арналған. 160-тан астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы.<ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify


Үлгі:Stub