Варвара мысты-алтынды кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Варвара мысты-алтынды кен орны , Қостанай облысы Таран ауданы жерінде орналасқан. Кен орны 1980 ж. ашылып, барлау және бағалау жұмыстары 1983 – 93 ж. аралығында жүргізілді. Аумағында 4 кен белдемі (Батыс, Орт., Солт.-Шығыс, Приречная) анықталған. Кен белдемдері аймағында қуатт. 1,0-ден 7,0 м болатын 50 шақты өндірістік кен денелері ашылған. Кен орны кешенді, мысты-алтынды. Құрамында алтын 0,2 – 73,5 г/т, мыс 0,06 – 1,5 г/т, күміс 5 – 60 г/т, висмут 0,5%-дан, теллур мен селен 600 г/т-ға дейін бар. Кентас минералдарынан көп тарағандары пирит пен халькопирит, ал орсенопирит жаппай таралған. Шикізат қорлары бойынша ірі кен орнына жатады.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}