Валериан Павлович Каретников
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
- Каретников Валериан Павлович<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref> (15.12.1908, Ресей, Үркіт облысы Листвиничное селосы – 30.7.1983, Алматы) – дирижер, концертмейстер.
- 1979 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері;
- Ұлы Отан соғысына қатысқан;
- 1929 жылы Мәскеу музыка техникумы;
- 1969 жылы Алматы консерваториясы ( қазіргі Қазақ ұлттық консервтория);
Шығармашылық өнер жолы
Шығармашылық өнер жолын Мәскеудің эксперименталды балетінде концертмейстерліктен бастады. 1931 – 41 жылдары Үркіт, Челябинск, Пермь қалаларының әр түрлі музыкалық ұжымдарында концертмейстер әрі дирижер қызметін атқарды. 1945–46 жылдары Новосибирск опера және балет театрының концертмейстері, 1946 – 55 жылы Қазақ опера және балет театрының концертмейстері және дирижері болды. Осы театр сахнасында ол С.В. Рахманиновтың “Алеко”, Р.Планкеттің “Корневиль қоңыраулары”, тағы басқа спектакльдер қойды. 1946 жылдан Алматы консерваториясының концертмейстері, 1952 жылдан осы консерватория жанындағы опера студиясының дирижері (1981 жылдан доцент) болды.
Дереккөздер
<references/>
Санат:
- 15 желтоқсанда туғандар
- 1908 жылы туғандар
- Иркутск облысында туғандар
- 30 шілдеде қайтыс болғандар
- 1983 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазақстан дирижерлері
- Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері