Бөкен Қосалұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бөкен Қосалұлы (шамамен 1663, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау елді мекені — 1756) — би, мәмілегер. Әз Тәукенің “Жеті жарғы” заңының халық арасындағы сенімді жаршысы, насихаттаушысы. 1730 — 59 жылдары Еділ қалмақтары мен жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан. Сырым батыр осы Бөкен биден бата алған. Деректерде Бөкен ел мен елдің арасын жақындастырған мәмілегер ретінде көрінеді. 1731 жsks Ресей патшасынан қысым көрген башқұрттардың Әбілқайыр басқарған қазақ хандығына қосылмақ ниетіне қолдау көрсетті. Башқұрттардың Ағиапхан мен Қарасақал деген батырларын Қазыбек би мен Сәмеке ханға жеткізіп, башқұрттарға көмек беруді өтінген. Қайтыс болар алдында Бөкен: “Мені жұртымнан бөлек биік төбеге емес, төмендегі көппен бірге жерлеңдер, басыма қақырайтып тас қоймаңдар. Тау да құлайды, тас та мүжіледі, мұхит та сарқылады. Құламайтын нәрсе, сарқылмайтын күш халықта. Менің атым таста қалмай, халықтың есінде қалса болды” деген өсиет қалдырған. Бөкен бидің зираты Қарабаудағы Өтей қорымында (Атырау облысы).

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөкен Қосалұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}