Бәрсиса

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәрсиса<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> - дастан. Шәді Жәдігерұлының (1855 - 1933) нәзира дәстүрімен жазылған, сопылық сарындағы шығармасы. Дастанның қолжазба күйіндегі толық нұсқасы Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы. Дастанның ықшамдалған, көлемі шағын нұсқасы 1910 жылы “Қисса Бәрсиса” деген атпен Қазандағы Б.Л.Домбровский баспасынан жарық көрген. Дастан сюжетін қазақтың Шәдіден басқа да “кітаби ақындары” жырлаған. Бұл дастанның басты идеясы - исламның қағида-шарттарын сөз жүзінде ғана мойындап, ал іс жүзінде ішкі жан-дүниесі имандылыққа иланбайтын “молда сымақтарды” әшкерелеу.
Дастанның басты қаһарманы Бәрсиса есімді “молда” көпшіліктің көзінше құдай жолына әбден берілген шынайы мұсылман болып көрінуге барынша әрекет жасайды. Ол мешітке жиналған жұртты имандылыққа, рухани тазалыққа үндейді. Бірақ сырт көзге абыз бейнесінде көрінетін шайтанмен достасады. Шайтанның айтқанын екі етпей орындайды. Соның сөзіне еріп, патшаның жалғыз қызына жын болып жабысады. Қыз қатты науқасқа шалдығады. Ақыры патша қызын Бәрсиса молдаға емдетуге әкеледі. Бәрсиса қызды оңаша алып қалып, басын айналдырады, азғырады. Қыз жүкті болып қалады. Елге әшкере болып қалудан қорыққан молда қызды өлтіріп, көміп тастайды. Бәрсиса молда құдайдан қорықпайды. Өйткені шайтан оған: “Тәуба - от, күнә - отын деген анық, Тәуба етсең, қылған күнәң кетер жанып” деп ақыл айтып отырады. Қызының қалай өлтірілгенін патшаға “Абыз-шайтан” жеткізеді. Патша Бәрсисаны дереу дарға асуға әмір етеді: “Жендеттер дарға тартты әмір етіп, Денеден жаны шықты уақыты жетіп, Жетпіс жыл тынбай қылған ғибадаттан, Зәредей пайда болмай қалды кетіп”. Дастанда әрбір адамның қоғамда алатын орны, қадір-қасиеті, қызмет дәрежесі оның ішкі жан-дүниесінің тазалығы, рухани байлығы арқылы айқындалуы тиіс деген қорытынды пікір айтылады. Адамның ұзақ өмірінде оған ақ пен қараны, оң мен солды, ізгілік пен зұлымдықты танытатын, әрбір пенденің құдай алдындағы парыздарын ұмыттырмай отыратын құдіретті күш - имандылық екенін Шәді ақын өз оқырманына дидактикалық сарында айтып жеткізген.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}