Бәйтік батыр Бәймембетұлы
Бәйтік Бәймәмбетұлы (шамамен 1762–1841) — қазақ батыры. Алшын тайпасының Шөмекей руынан.<ref name="Усенбаев Т. 0"> Алшын шежіресi (Адам Атадан өзіме шейін) / Усенбаев Т. – Кызылорда, Тумар, 2003. - 464 бет.</ref>
Хиуа мен Қоқан хандықтарының жергілікті халыққа жасаған озбырлық әрекеттеріне қарсы тұрған.
Қазақтардың Жаңадария өзенінің бойына қоныстануына басшылық жасады. Бәйтіктің өмір жолы мен жорықтары туралы Балқы Базар, Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шораяқтың Омары шығармаларында айтылады. Батырдың қалмақтар мен Хиуа, Қоқан басқыншыларына қарсы жорықтарында көтерген ақ туы баласы Тоғанас батырға ауысқан.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref><ref>СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023. ISBN 978-601-7059-54-5</ref>
Шежіресі
Бәйтік – Тойқожа – Өтебай – Әлдеберлі – Келмембет (Сарқасқа) – Келдібай – Бозғыл (Бозғұл) – Шөмекей