Бәйкен Өмірбек Бәйкенұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәйкен Өмірбек Бәйкенұлы (1934 жылы туған, Көкшетау облысы) — дәрігер, жоғары санатты хирург-онколог. КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақ КСР-інің еңбегі сіңген дәрігері. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген (1958). 1958 жылы Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданының ауруханасында дәрігер-хирург, 1959 жылы Көкшетау облысы онкодиспансерінде хирург болып жұмыс істеді. 1963 ж. диспансердің жанынан емхана ашқан. Облыста оның басшылығымен онкологиялық ауруларға қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстары жүргізіле бастады, аудандарда онкологиялық ауруларға тексеру жүргізетін және онкокабинеттер ашылды, онкологиялық ауруларды емдеудің құрама әдістері енгізілді. Облыста алғаш рет радиоизотопты лаборатория іске қосылды. Киев қаласында, Мәскеу қаласындағы П.А.Герцен атындағы Орталық онкологиялық ғылыми-зертеу институтында онкохирургия саласында тәжірибе алмастырған. Мәскеу, Ленинград, Алматы қалаларындағы білімін жоғарылату курстарында оқыған. Онкологтар мен радиологтардың барлық Бүкілодақтық конференциялары мен республикалық съездеріне қатысқан. Халық депутаттарының облыстық (1963), және қалалық (1977) кеңестерінің депутаты. Көкшетау қаласының Құрметті азаматы (2001). Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерен еңбегі үшін. В.И. Ленин туғанына 100-жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәйкен Өмірбек Бәйкенұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}