Бәдел қажы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бәдел қажы - өсиет негізінде қажылық жасайтын адам. Ислам қағидасындағы бес парыздың бірі болып саналатын қажылыққа баруға мүмкіндігі болып, бірақ өтей алмаған адам өзі үшін қажылық жасауды біреуге өсиет етіп қалдырса, мойнына алған адам өсиет негізінде қажылық сапарын жасайды. Егер қажылықты өтеуші отағасы қажылық сапарында қайтыс болса, келісілген мал-мүліктен басқа, өсиет етуші адамның мал-мүлкін отбасы мүшелеріне бөліп беретін болған. Егер өсиет етуші әйел адам болса, онда оның тек киім-кешегі ғана таратылып берілген.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub