Бұйра зығыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұйра зығыр (Lіnum һumіle) – зығыр туысына жататын бір жылдық өсімдік. Ол Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қара және қоңыр топырақты жерлерде өседі. Биіктігі 30 – 70 см. Тамыры жуан, жақсы жетілген. Екі, кейде бірнеше сабақты, қалың жапырақты, түптеніп өседі. Көгілдір, көк түсті гүлдері өздігінен тозаңданады. Маусымшілде айларында гүлдейді. Қауашағы бірнешеу, дәнінің ұзындығы 5 – 7 мм. Бұйра зығыр құрамында 42 – 45% май болғандықтан май өнеркәсібінің құнды шикізаты. Ол лак, олиф, бояу, су өтпейтін маталар жасауға және медицинада, техникада қолданылады. Зығыр майы тамаққа да пайдаланылады. Зығыр күнжарасы құнарлы мал азығы, ал сабанының ұнын шошқа сүйсініп жейді.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұйра зығыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}