Бұзанай құмы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұзанай құмы Атырау облысы Исатай, Құрманғазы аудандары жерінде орналасқан құмды алқап. Солтүстігінде Қосдәулет, оңтүстігінде Мыңтөбе, батысында Батпайсағыр (Бетпақшағыр) құмдарымен шектеседі. Абсолюттік биіктігі 15 – 17 м. Жартылай көшпелі төбешікті құм, шағыл тізбектері батыстан шығысқа қарай 60 – 70 км-ге созылған, ені 40 км-дей. Жер бедері төбелі, жалды, қырқалы келеді. Климаты қуаң, континенттік. Қаңтардың орташа температурасы –11°С, шілдеде 25°С. Сортаң ойыстарда ыза суға толатын тұзды көлшіктер кездеседі. Шөлейт климатқа бейім жүзгін, құмаршық, еркек шөп, қияқ, жусан, теріскен т.б. шөп өседі. Жануарлардан ақбөкен, қасқыр, түлкі, қоян, қосаяқ т.б. кездеседі.<ref>Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1</ref> Бұзанай құмы мал жайылымы ретінде пайдаланылады.<ref >Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұзанай құмы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}