Бүршікті феллориния

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүршікті феллориния (Рhellorіnіa strobіlіna) – базидиомицеттер класына жататын қалпақшалы саңырауқұлақ. Қазақстанда Арал маңы, Қарақұмда, Сыр өңірінде, Мойынқұмда кездеседі. Тақыр жерлер мен құмайт топырақтарда, шөл, шөлейт жерлердегі сортаң топырақта өседі. Жемістік денесінің биікт. 24 см-дей. Пішіні конус тәрізді. Сарғыш түсті сабақтары 4 – 5, кейде одан да көп болады, ұшы үшкірленіп біткен бүршік тәрізді өсінділерден құралған. Саңырауқұлақтың аты да осыған байланысты қойылған. Бүршік тәрізді өсінділерінің ең сыртқы қабаты қалың көлденең жолақты белдеушелерден тұрады. Белдеушелерінің жолағы ақшыл қоңыр және сарғыш қызғылт түсті болып кезектесіп орналасады. Сыртынан қарағанда өте әдемі көрінеді. Бүршікті феллориния әбден піскен кезде жолақты үшкір бүршікті өсінділері опырылып түсіп қалады. Жеуге жарамсыз. Бүршікті феллориния өте сирек кездесетін, жойылып бара жатқан реликт түр болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүршікті феллориния|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}