Бүрлібаев Қуандық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүрлібаев Қуандық (1936 Қармақшы ауданы Тұрмағанбет Ізтілеуов ауылы – 1994 сонда) – жырау. Жыраулық өнерінің қалыптасуына Сыр бойына белгілі жыраулар Рүстембек Жиенбайұлы, Мұзарап Жүсіпұлы, Сүйенбай Ақбайұлы, Зайыр Рахатұлы, Берман Бейсембайұлы, Жаппар Тұңғышбаевтарға, т.б. еліктеуі себебін тигізді. 1979 жылы Қызылорда облысында өткен Қазақстанның 60-жылдығы мерекесінде Бүрлібаев республикалық байқауға қатысып, жүлде алған. 1980 – 87 жылы ақындар айтыстарына қатысып, өзінің айтыс өнерінің майталманы екенін таныта білген. 1986 жылы Алматы қаласында теледидардан Тұрмағамбеттің «Сам палуан» дастанын және Сыр сүлейлерінің бірнеше толғау термелерін орындады. 1988 жылы Тұрмағамбет атындағы орта мектепте жырау өнерінен сабақ берді. Жапонияда өткен дүниежүзілік «Оцеик» фестивалінде (1990) Бүрлібаевтың дауысы дүниежүзілік өнердің алтын қорына жазылып алынды.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүрлібаев Қуандық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}