Бүркітбай Масыпұлы Батырханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батырханов Бүркітбай Масыпұлы (1924 жылы туған, Айыртау ауданы Ботай ауылы) — соғыс ардагері, қоғам қайраткері. Қазақ КСР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Көкшетау педагогикалық училищесін (1941), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1962) бітірген. Бірлестік ауылындағы орталау мектепте мұғалім болған. 1942 жылы тамыз айында Кеңес армиясы қатарына алынып, Орлов-Курск доғасындағы, Польшаны, Чехославакияны жаудан азат ету ұрыстарына қатысқан. Соғыстан кейін комсомол, партия қызметтерінде болған. 1953 — 57 жылдары Қызылту аудандық партия комитетінің 2-хатшысы, Мәскеудегі арнайы бөлімнің меңгерушісі, кейіннен зейнеткерлікке шыққанға дейін Көкшетау облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1-дәрежелі Ұлы Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Малая Серебряная ВСХВ» медальдарымен, т.б. марапатталған. Қазір Көкшетау қаласында тұрады.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүркітбай Масыпұлы Батырханов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}