Бірінші төраға тұсындағы елеулі оқиға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бірінші төраға тұсындағы елеулі оқиғаҚазақ КСР-інің өнер және әдебиетінің Мәскеуде өткен он күндігі еді. Басқа қайраткерлермен катар телевидение дикторлары сол дүбірлі оқиғаның ортасында жүрді. Ол тұста екі қаланың арасында тікелей хабар беретін кабельдік немесе ғарыштық жүйе болмаған. Оның есесіне Мәскеуге әзірліктің біразы Алматы телестудиясының базасында жасалды. Осындай жақсы дайындықтың аркасында Орталық телевизиядан қазақ өнер шеберлерінің бағдарламалары көрсетілді.

Ж.Жұмахановтың «Жаңа қоныстанушылар» атты телеқойылымы ең өзекті тақырыпты игеруге арналды. Келесі хабарға Құрманғазы атындағы ұлт-аспаптар оркестрі катысып, концерт берді. Орталық телевизиядағы бағдарламаның шарықтау шегі "Дударай" операсының телевизиялық нұсқасы еді. Оны бүкіл елдің телекөрермендері жақсы қабылдады. Республика басшылығында жүрген Ж.Тәшенов, Д.Қонаев сынды қайраткерлер жас ұжымды табысымен құттықтады. Бұл жаңа қалыптасып жатқан Қазақ телевизиясының алғашқы үлкен жетістігі болды. Сол жолы байтақ ел алғаш рет қазақ тележұлдыздары З.Жұматова мен Н.Омарованың жүздерін көріп, әуезіне құлақ түрді. Бүл дикторлар жұмысқа үлкен конкурспен алынды. Құрамында 23 мүшесі бар конкурстық комиссияға қазақтың қайталанбас режиссерлері, КСРО Халық әртісі Шәкен Айманов төрағалық етті. Ал дикторларды тәрбиелеуге Мәскеуден Юрий Левитан бастаған мықты мамандар келді. Айтпақшы Левитанның оқытуынан өткен докторларға бұрынғыдан 20 сом жалақы артық төленетін болды<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}