Біздің Отан (газет)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Газет

Біздің Отан газеті 1976 жылдың желтоқсан айынан бастап шет елдерде тұратын қазақтармен байланыс орнату мақсатында шыға бастаған. Газет негізінен қазақтар ең көп шоғырланған Қытай Халық Республикасыдағы қандастарға арналғандықтан солар қолданып жүрген төте жазумен (араб графикасы негізінде) шығарылып, айына 2 рет жарық көрді. Газет А3 форматта 4 бет болып, әлемнің 30-ға жуық еліне 40 мың тиражбен тарады. Бұл газет МәскеудегіОтан” қоғамының Қазақстандағы бөлімшесінің атынан шықты. 1990 жылы “Отан” қоғамының қазақстандық бөлімшесі “Қазақстан” қоғамы болып қайта құрылды да, осыған байланысты “Біздің Отан” газеті “Шалқар” атауына өзгертіліп, көлемін кеңейтіп, апталық газетке айналды. 1976 — 86 жылы газеттің алғашқы редакторы, белгілі журналист Мұса Дінішов болды. 1986 — 96 жылы газетке Уақап Қыдырханұлы, 1996 — 98 жылы Әділғазы Қайырбеков редактор болды. Газет 1999 — 2000 жылы жабылып, 2000 жылдан “Шалқар-2” деген атпен қайта шықты. Қазіргі редакторы — Жаңыл Әпетова. “Шалқар” газеті өз беттерінде шет елдегі қазақ диаспорасының мәселелері, оралмандар жағдайы, көші-қон, әдебиет, мәдениет, дін, тарих және этнография, тағы басқа тақырыптарды көтеріп отырады. А3 форматпен 6 бет болып, аптасына бір рет жарық көреді. <ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сурет:Біздің Отан газетінің 1988 жылғы басылымы