Бурылтай жазулары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Боралдайские петроглифы.jpg
Бурылтай жазулары
Бурылтай жазулары — Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Терек өзенінің сағасынан жоғары, Бурылтайдың тарауы — Қарабасты бұлақ пен Қызылбұлақ су айырығындағы жартаста көне заманда салынған түрлі суреттер мен таңбалар. 1905 жылы П.А. Комаров зерттеген. Онда жылқы, арқар, бұғы, тазы, қасқыр, таутекені қуалап келе жатқан салт атты, садақты адамдардың суреттері бар. Сонымен қатар Орхон жазуларына ұқсас белгілер мен таңбалар да ұшырасады. Бұлардың бәрі де көне дәуірдегі қазақ тайпаларының өмірінен құнды деректер береді.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том</ref>
Дереккөздер
<references/>