Бударин

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Бударино панорама.jpg
Бударин ауылына қош келдіңіздер!

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан БударинБатыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Бударин ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Чапаев ауылынан солтүстік-батысқа қарай 35 км жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Шөлейт белдемнің құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемінде жатыр. Жайық өзенінің аңғарындағы шалғынды қара және бозғылт сұр топырақты жерінде әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өседі.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1667 адам (833 ер адам және 834 әйел адам) болса, 2009 жылы 1444 адамды (696 ер адам және 748 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1240 адамды (597 ер адам және 643 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Инфрақұрылымы

Ауылда Чуйков атындағы өндірістік кооператив пен шағын шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Бударинде орта мектеп, аурухана бар. Тұрғындары Ақжайық ауаданымен және басқа елді мекендермен автомобиль және су жолымен қатынасады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Ауыл көшелері

  • Ақжайық (Уральная) көшесі
  • Астана (Молодёжная) көшесі
  • Әлия Молдағұлова (Степная) көшесі
  • Бейбітшілік (Мир) көшесі
  • Ж. Молдағалиев (Чапаев) көшесі
  • Жағалау (Набережная) көшесі
  • Жеңіс (Лесная) көшесі
  • Қазақстан (Советская) көшесі
  • Мәншүк Мәметова (Новосельская) көшесі
  • Сатым Сұпалдияров (Чуйков) көшесі
  • Ыбырай Алтынсарин (Школьная) көшесі
  • Ынтымақ (Зелёный) көшесі

Ауыл суреттері

Бударин ауылы
Бударин. Ауыл көрінісі Мешіт Спорт алаңы

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Ақжайық ауданы елді мекендері