Желім

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Желім — әр түрлі материалдарды бір-бірімен байланыстыратын зат. Желім материалдардың беткі қабаты мен желімдік қабаттың арасында адгезиялық байланыс түзеді (қысқаша Адгезия). Желім құрамына әр түрлі толықтырғыштар, еріткіштер, стабилизаторлар, пластификаторлар, эластификаторлар, т.б. кіреді. Желім Органикалық зат органикалық және бейорганика|бейорганикалық]] болып бөлінеді. Органикалық желімге табиғи желім және жасанды желім жатады. Табиғи желімнің екі түрі бар:

  1. түрлі жануартектес өнімді (сүйек, тері, т.б.) қайта өңдеу арқылы алынатын жануар желімі (казеиндік, альбуминдік, т.б.);
  2. крахмал, табиғи каучук, т.б. заттардан дайындалатын өсімдік желімі. Жасанды желім (мономер, олигомер, полимер және олардың қоспасы негізіндегі) термореактивті желім және термопластикалық желім, резина желімі болып бөлінеді. Бейорганикалық желімге минералды желім (фосфатты, керамикалық, силикатты) және металдық желім (Hg, Ga сияқты сұйық металдар негізіндегі) жатады. Желім сұйық (ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар), қатты (ұнтақтар)Желімдер табиги жәнө жаеанды бо лып бөлінеді.

Табиғи желімдер өте ерте уақыттан белгілі. Адамзат оларды өсімдіктер мен жануарлар майынан (сіңір, сүйек, сүт, т.б.) жасаған. Желімдеуге крахмал, каучук, целлюлоза, казеин, коллагенді ерте кезден-ақ пайдалана білген. Ал жасанды желімдер, көбінесе, полимерлер негізінде жасалады. Табиғи желімдерді 3 топқа бөледі: жануар текті, өсімдік текті минералдық.

Олардың кемшілігі: ылғал әсеріне төзімсіз, тез шіриді және жабыстырғыш касиетін ұзақ уақыт сақтай алмайды.

<ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref><ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref><ref>Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 352 бет, суретті. ISBN 9965-36-092-8</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Желім|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}