Борис Семенович Зейлик

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Борис Семенович Зейлик 1931 жылы 5 қаңтарда УКСР Одесса қаласында туған. Орыс. Геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1968), докторы (1987).

  • Әкесі - Зейлик Семен Маркович (1902-1979), ҰОС қатысушысы, инженер-сантехник болып жұмыс істеген. Анасы - Рубцова Анастасия Николаевна (1904-1987), бухгалтер болып жұмыс істеген.
  • Саратов геологиялық барлау техникумының геология факультетін үздік бітірген (1952), техник-геологиялық барлаушы; Ленинград тау-кен институтының геологиялық барлау факультетін үздік бітірген (1958), тау-кен инженер-геологы.
  • Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның шығыршықты құрылымдар». Профессор (1991 жылдан). Ресей табиғи ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі (2006 жылдан). ҚР Минералдық ресурстар академиясының академигі (2009 жылдан).

Еңбектері

  • «Жерде және басқа планеталарда имекті әрі шығыршықты құрылымдардың шығу тегі (соқпалы-жарылу тектоникасы)» Мәскеу қ., 1978),
  • «Соқпалы-жарылу тектоникасы және тақталар тектоникасының қысқаша очеркі» (Алматы қ., 1991) атты монографиялардың;
  • геология, тектоника, ғарыш геологиясы, пайдалы қазбалар кен орындарыныңорналасу заңдылықгары туралы,
  • Жер бетінде тіршілікті сақтау үшін планетаны ғарыштан қорғау проблемасы жөніндегі 200-ге тарта ғылыми жарияланымдардың авторы.
  • Өнертабысқа 4 патенті бар:
  • «Зергерлік және техникалық алмастар мен оларға ілеспе алтын аралас топырақтардың бай әрі дәстүрлі түпкі кен орындарын іздеу тәсілі»,
  • «Көмірсутегі кен орындарын іздеу үшін болашағы бар алаңцарды болжау тәсілі»,
  • «Металл пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу үшін болашағы бар алаңдарды болжаудың Зейлик тәсілі»;
  • «Кемірсутегі кен орындарын іздеу үшін болашағы бар алаңцарды болжау тәсілі» (еуразиялық).
  • Шығу тегі кометалық және астероидті-метеоритті космогенді шығыршықты құрылымдар, олардың арасында көп дүркін басым болған кезде, жердің үстіңгі қабатында шығыршықты құрылымдардың кеңінен таралуын көрсетті.
  • Астероидті- кометалық қауіпке байланысты жердегі тіршілікті сақтау үшін планетаны ғарыштан қорғау проблемасын қозғады (1988, 1991).
  • Орталық Қазақстанда ескіден қалған ірі ертедегі вулкандарды ашып, сипаттады. Осыған ұқсас құрылымдарды анықтау үшін алғашында Қазақстан аумағында, сосын бүкіл КСРО аумағында өткізілген жоғарыдан аэрофото түсірілімдер жасауды ұсынды. Арнайы жабдықталған Ил-18 үшағында Қазақстанда алғашқы жоғарыдан аэрофото түсірілім жүргізу процесіне қатысты.
  • Кең аумақта алтынды жылдамдатып іздеу үшін сканерлеу негізінде тікұшақты пайдалана отырып, Орталық Қазақстанда алтынды жылдам іздеуді ұйымдастырды, Орталық Қазақстанда жаңа алтыны бар провинцияны анықтап берді (1968-1972).
  • Солтүстік Батыс Балқаш маңында орналасқан сақталуы бойынша бірегей ежелгі Шұнақ жанартау аузының метеоритті шығу тегін негіздеді.
  • Дүниежүзінде алғаш рет «КСРО Ғылымдар академиясының баяндамалары» журналында алып астероидті Есіл (1974) және Балқаш маңындағы Іле (1975) шығыршықты құрылымдарын анықтап, сипаттады;
  • Ақтоғай және Айдарлы ірі штокверковті мыс-порфирлі кен орындарының космогенді табиғатын негіздеді (Оңтүстік Қазақстан, 1984),
  • ірі комсогенді Арғанаты жанартау аузын және онымен жанасқан шығыршықты құрылымдарды сипаттады (Оңтүстік Қазақстан, 1987),
  • Шалқар-Арал және Байқоңыр алып кометалық шығыршықты құрылымдарды атап көрсетіп, сипаттады (2009).
  • Соқпалы-жарылыс тектоникасының (СЖТ) парадигмасын көрсетіп, негіздеді (1975). Осы жаңа геотектоникалық тұжырымдаманың теориясын әзірледі. Соқпалы жарылыс тектоникасы мен тақталар тектоникасының езара байланысын және өзара толықтыруын көрсетті, ол оның элементтерінің құрауыштарының бірі болып табыла отырып, соқпалы-жарылыс тектоникасына қисынды енгізіледі.
  • Орыс және ағылшын (сөздікпен) біледі.

Қызмет жолы

  • 1952 жылдан - Қостанай облысы Бенкалинский темір кені кен орнының барлау техник-геологы.
  • 1958 жылдан - Орталық Қазақстан геологиялық басқармасы Ағадыр геологиялық-барлау экспедициясының аға геологы, түсіру-іздеу партиясының бастығы, экспедицияның аға геологы, бас геологы.
  • 1970 жылдан - Орталық Қазақстан геологиялық басқармасы Балқаш кешенді геологиялық-геофизикалық экспедициясының бастығы.
  • 1978 жылдан - ҚазКСР Геология министрлігінің Қазақстан тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының бастығы.
  • 1996 жылдан - Қазақ минералдық шикізат институты секторының басшысы. 1998 жылдан - ҚР БГМ Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының бас ғылыми қызметкері.
  • 2000 жылдан - «Тау-кен экономикалық консалтинг» ЖШС партиясының бастығы. 2004 жылдан - «Қазгеоғарыш» АҚ ғылыми кеңес берушісі.
  • 2009 жылдан бері - ҚР БГМ Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының бас ғылыми қызметкері. Балқаш қалалық халық депутаттары кеңесінің депутаты (1970-1978).
  • Балқаш кешенді геологиялық-геофизикалық экспедициясы ұжымымен алға басты.

Марапаттары

  • «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуын атап өтудегі ерен еңбегі үшін» (1970),
  • «Еңбек ардагері» (1979) медальдарымен,
  • «КСРО жер қойнауын барлау үздігі» (2001),
  • «КСРО жер қойнауының Құрметті барлаушысы» (1991),
  • «ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы» (2003) белгілерімен марапатталған.
  • Үйленген. Жұбайы - Элеонора Юсуповна Сейітмұратова, ҚР БГМ Қ. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының зертхана меңгерушісі, геологиялық-минералогиялық ғылымдардың докторы, ҚР Минералдық ресурстар академиясының академигі. Ұлы - Сейітмұратов Тимур Борисович (1971 ж. т.), бизнесмен; қызы – Сейітмұратова Наталья Борисовна (1977 ж. т.), БҰҰ Жоғары комиссары басқармасының адам қүқықтары жөніндегі кеңесшісі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>