Болат Құрманбекұлы Жандарбеков

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Болат Құрманбекұлы Жандарбеков (9 ақпан, 1932 жыл, Алматы25 наурыз, 1991 жыл, Алматы) - режиссер, жазушы, сценарийші, драматург<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. 183-б./573</ref>. Құрманбек Жандарбековтың ұлы.

Өмірбаяны

  • ҚазМУ-ді бітірген (1966).
  • Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеті режиссерінің ассистенті, режиссері.
  • «Қазақфильм» киностудиясының режиссері болып жұмыс істеді. Өмірінің соңына дейін шығармашылық қызметпен айналысты.

Шығармашылығы

Тарихи жанрға қалам тартты. Шығармаларын орыс тілінде жазды.

  • «Томирис» атты 1989 жылы жарыққа шыққан тарихи романы оқырман қауымның жоғары бағасына ие болды. «Сақтар» атты тарихи дилогиясы халқымыздың көне дәуірінен сыр шерткен елеулі көркем туындылар тұғырынан орын алды.
  • Театр сахнасында қойылған және «Қазақтелефильм» киностудиясында түсірілген бірнеше пьесалар мен сценарийлер авторы.
  • Саки. А., 1997.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Суретсіз мақала