Болат Қалиұлы Сүлеев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Қалиұлы Сүлеев (4 мамыр, 1953 жыл, Жамбыл облысы Шу ауданы, Шу қаласы) - кинооператор, сценарийші.
Мазмұны
Өмірбаяны
Әкесі - Сүлеев Қали Сүлейұлы, марқұм, партия қызметкері болған. Анасы - Ибрашева Елизавета Ибрашқызы, марқұм, мұғалім болып жұмыс істеген.
- Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының кинооператорлық факультетін бітірген (1978), фильм кинооператоры.
- 1977-2008 жылдары - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қоюшы операторы.
- 2006 жылдан бері - Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы кинооператорлық факультетінің шебер-жетекшісі.
Сценарийлері
- «Әнші ауыл» деректі фильмі (1984);
- «Маңғыстау ежелгі құсы» мультфильмі (1984).
Операторлық жұмыстары
Деректі фильмдердің қоюшы операторлығы
- «Нити» (1977)
- «Бақтағы үй» (1978)
- «Өмір палитрасы» (А. Сүлеевпен бірге, 1983)
- «Под стук колес» (1984)
- «Атамекен» (А. Сүлеевпен бірге, 1993)
- «Қазақстан тарихына саяхат» (1997) және т.б.
Көркем фильмдердің қоюшы операторлығы
- «Когда тебе 12 лет» (1978)
- «Тайна поющего острова» (А. Сүлеевпен бірге, 1980)
- «Үш күн мереке» (1981)
- «Аңшы» (1983)
- «Мой дом на зеленых холмах» (1986)
- «Таулардан биік» (1988)
- «Қоштасқым келмейді» (А. Сүлеевпен бірге, 1992)
- «Жамбылдың жастық шағы» (1996)
- «Сиқырлы демеуші» (2001)
- «Прыжок Афалины» (2009) және тағы басқа.
Шығармалары
- Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы операторлық факультетінің студенттеріне арналған оқу-әдістемелік көмекші құралының авторы.
Қоғамдық қызметтері
- Қазақстан Кинематографияшылар Одағы кинооператорлық секциясының төрағасы.
- Қазақстан Кинематографияшылар Одағының хатшысы.
Марапаттары
- Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Отбасы
- Ажырасқан. Қызы - Сүлеева Ализа.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub