Болат Дәретбайұлы Ноғайбаев
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Болат Дәретбайұлы Ноғайбаев (15 шілде, 1953 жыл, Семей облысы Мақаншы ауданы (Қазіргі Үржар ауданы), Мақаншы ауылы) - театр актері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Өмірбаяны
- Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген (1978), драма театрының актері.
- 1978 жылдан бері - Абай атындағы мемлекеттік Семей облыстық музыкалық драма театрының әртісі (Семей).
Ойнаған рольдері
100-ден астам рөлдерде ойнаған, олардың арасында:
- Кеңгірбай би («Еңлік-Кебек»
- М. Әуезов)
- Жантық («Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»
- Ғ. Мүсірепов)
- Дуанбасы («Ревизор», Н.В. Гоголь)
- Бүркіт («Мөлдір махаббат», С. Мұқанов)
- Бақтығұл («Қараш-қараш», М. Әуезов)
- Нарша («Қаракөз», М. Әуезов)
- Керім («Абай», М. Әуезов)
- Өзбек жігіті («Айман - Шолпан», М. Әуезов)
- Қодар («Құнанбай», Т. Жұртбаев)
- Жан Исламов («Сергелдең болған серілер», Б. Мұқай)
- Мұқағали («Жан азасы», М. Мақатаев)
- Ерназаров («Шәкәрім», М. Ыбыраев)
- Хәкім («Келіндер көтерілісі», С. Ахмад)
- Таңат («Өз отыңды өшірме», О. Бөкей)
- Едіге («Боранды бекет», Ш. Айтматов)
- Ерғали («Бір түп алма ағашы», А. Оразбеков).
Жетістіктері мен марапаттары
- Дүниежүзілік театр байқауына қатысқан (Каир, Египет, 2002).
- Абай атындағы Мемлекеттік облыстық қазақ музыкалық-драма театры Көркемдік кеңесінің мүшесі (Семей қаласы, 2008-2010).
- Абайдың 165-жылдығына арналған Республикалық театр байқауының (Жезқазған қаласы, 1995)
- VII республикалық байқаудың (Қарағанды қаласы, 1999) лауреаты.
- Республикалық театр байқауының (Пeтропавл қаласы, 2001) лауреаты.
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
- Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Отбасы
- Үйленген. Жұбайы - Ибрагимова Әсем Жүнісханқызы, банкте жұмыс істейді.
- Қыздары - Ноғайбаева Жанара (1981 ж. т.), Ноғайбаева Жібек (1985 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub