Болат Бодаубаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болат Бодаубаев (26 наурыз 1940 жыл, Алматы) - жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Өмірбаяны

  • 1963 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
  • 1962—1970 жылдары Республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер, меншікті тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы
  • 1970—1974 жылдары бас редактордың орынбасары
  • 1974—1976 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі
  • 1976—1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы
  • 1984—1986 жылдары республикалық «Жалын» баласының директоры
  • 1986—1991 жылдары республикалық «Қазақкітап» сауда бірлестігінің бас директоры
  • 1991—1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің кітап шығару және тарату жөніндегі Бас басқармасының бастығы
  • 1994—1995 жылдары мемлекетаралық «Заман-Қазақстан» газетінің бас редакторы
  • 1996—1997 жылдары Қазақстан Республикасы Сенаты Аппаратының Аударма, редакциялау және Парламент актілерін шығару бөлімі меңгерушісінің орынбасары
  • 1997—2003 жылдары бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарып, зейнетке шыққан.

Шығармалары

  • «Жас жүректер» очерктер кітабы (1997)
  • одан кейінгі жылдарда қазақ және орыс тілдерінде повестер мен әңгімелерден тұратын «Желсіз түнде жарық ай» (1980)
  • «Дети одного дома» (1982)
  • «Май жаңбыры» (1985),
  • «Тайна старой тетради» (1988),
  • «Қарт тергеушінің әңгімелері» (1991),
  • «Смерть прокурора» (2000),
  • «Таңдамалы» (2002) жинақтары жарық көрген.

Көркем аударма саласында көптен еңбек етіп келеді. Орыстың атақты классик жазушысы Н.Носовтың «Дымбілмес пен достарының хикаялары», «Дымбілмес Күн қаласында», «Дымбілместің Айға саяхаты» атты ертегі-романдарын, Юз.Алешковскийдің «Кіш, Қоспортфель және бір аптадағы оқиғалар», «Кіш екеуміз Қырымдамыз» атты повестерін қазақ тіліне аударған. 2002]жылдан бері бірнеше рет қайталанып басылған «Заң терминдері сөздігі» авторларының бірі.

Жетістіктері

  • ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен (1971),
  • Құрмет Грамоталарымен (1973, 1981),
  • «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жеңісінің жиырма жылдығы» (1965),
  • «Ерлік еңбегі үшін» (1970)
  • «Еңбектегі ерлігі үшін» (1971) медальдарымен марапатталған.
  • Астана қаласындағы еңбегі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Астана» (1998),
  • «Ерен еңбегі үшін» (2001)
  • «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған
  • «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілген (2007).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}