Болатбек Мақұлбекұлы Тілеубердиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Болатбек Мақұлбекұлы Тілеубердиев (10.9.1957 жылы туған, Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Алғабас кеңшары) — филология ғылымдарының докторы, профессор.

Өмірбаяны

Ғылыми жұмыстары

  • Филология ғылымдарының докторлары К.Ш. Хусайынов пен Е.Ә. Керімбаевтардың жетекшілігімен "Оңтүстік Қазақстан топонимдерінің этнолингвистикалық сипаттары" деген тақырыпта кандидат диссертация қорғады.
  • 2006 жылы«Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
  • Соңғы жиырма жыл уақыт аралығында Облыстық Ономастикалық комиссиясының тұрақты мүшесі, соңғы екі жылда Қалалық ономастикалық комиссиясының мүшесі.

Алыс-жақын шет елдерде, сондай-ақ Қазақстан қалаларында өткізілген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып, жалпы тіл білімі, когнитивтік лингвистика, ономастика салалары бойынша 100- ге жуық баяндама жасадым, нәтижесінде ол баяндамалар ғылыми еңбектерде жарық көрді. Тіл білімі саласы бойынша 3 монография, 2 оқу құралы, 5 оқу-әдістемелік құрал жарық көрді. 10-нан астам мақала жариялады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Марапаттары

  • Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі
  • Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері
  • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл медалімен, Облысқа сіңірген еңбегі үшін медалімен, Ы. Алтынсарин медалімен, сондай-ақ түрлі мерекелік медалдармен марапатталған.
  • 2012 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағының иегері
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің «Құрмет грамотасын» үш рет иеленген.
  • Облыс әкімінің мақтау хатымен төрт рет марапатталған.
  • Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынған ғылыми жобалардың авторы.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер