Бозкөл

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

БозкөлҚызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл, Бозкөл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы – Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 65 км жерде, Сырдария мен оның тармағы Қуаңдарияның аралығында орналасқан. Жері саздақты, боз топырақты, қарағаш, қайыртал, терек, жиде өседі.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 1082 адам (576 ер адам және 506 әйел адам) болса, 2009 жылы 988 адамды (530 ер адам және 458 әйел адам) құрады.<ref>2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы Үлгі:Webarchive</ref>

Тарихы

Іргесі 1955 жылы қаланған. 195796 жылы «Бозкөл» қаракөл қой кеңшарының ортуған болған. Кеңшар негізінде 3 шаруа қожалығы және ЖШС жұмыс істейді. Бозкөлде және округтегі Лақалы, Отгон, Тасарық ауылдары төңірегінде Арнакөл, Бозкөл, Қарабайлы, Тайкеткен, Байқадам көлдері бар.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазалы ауданы елді мекендері