Бихевиоризм (жантану)
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бихевиоризм (Үлгі:Lang-en — қылық, жүріс-тұрыс) XX ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның қылығын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874-194). XX ғ. американ психологиясының ағымы. Ғылыми зерттеудің пәні, сана емес, қылықтың әр түрлі формалары ретінде қараған және организмнің сыртқы ортадағы стимулдарға реакциясын психика ретінде түсіндірген. Бихевиоризм алғашқы рет бағдарламасын құрастырған әйгілі американ психологі Д.Уотсон болды. Бихевиоризм ағыны негізінен ойлау мен ниетті (мотивация) зерттеуде интроспекциялық әдістердің осалдығына байланысты пайда болған. Бихевиоризм эксперименталды зерттеулерінде басым болған әдістер — байқау және қоршаған ортаның әсеріне организмнің реакциясын тексеру, содан соң оның нәтижесін математикалық өңдеп сипаттау болды. Қазіргі кезде әр түрлі теориялардың элементтерін қолданатын басқа да ағымдар бар, олардың бірі необихевиоризм. Бихевиоризм ілімін жалғастырушы және қорғаушы ғалым американ психологі Б. Скиннер және оның мектебі.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>
Дереккөздер
<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}