Необихевиоризм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Необихевиоризм - XX ғасырдың 30-жылдарында американ психологиясында пайда болған бағыт. Бихевиоризм психологиясының пәні ағзаның сыртқы орта стимулдарына объективті түрде бақыланатын реакциялары болып табылады дейтін басты алғышартын ұстанған необихевиоризм оны стимулдардың әсерімеи жауап, бұлшық ет қозғалыстары арасындағы аралық буын қызметін атқаратын факторлар ретіндегі "аралық айнымалылар" туралы ұғыммен толықтырды. Необихсвиоризм мінез-құлықтың тұтастығы мен мақсатқа үйлесімдігін, оның қоршаған әлем туралы ақпаратпен реттелетіндігін және ағзаның қажетсінулеріне тәуелдігін түсіндіре алмаған "класскалық" бихевиоризмнің дағдарысын көрсетті.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref><ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}