Бисенғали Қабиұлы Зейнол-Ғабден
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бисенғали Зейнол-Ғабден (21 қаңтар, 1950, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға ауылы) - қазақ әдебиетін зерттеуші, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1999).
Өмірбаяны
- 1966 жылы - Сафон селосындағы орта мектепті бітіріп, осында аға вожатый болып педагогтік еңбек жолын бастаған.
- 1972 жылы - ҚазМУ-дің филология факультетін үздік дипломмен тамамдаған.
- 1978 жылы - ҚазМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының аспирантурасына қабылданған.
- 1981 — 1983 жылдар аралығында - «Қазақ тілі мен әдебиеті» кабинетінде жүмыс істеген, лекциялар оқыған, практикалық сабақтар жүргізген. Студенттердің оқу практикаларымен Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы фольклорлық-диалектикалық экспедицияларға қатысқан.
- 1984 — 1986 жылдары - «Мектеп» баспасының Жоғары оқу орындары қоғамдық-гуманитарлық редакциясының аға редакторы және филология факультетінде «Қазақ әдебиетінде проза жанрының қалыптасуы» атты арнаулы курс пен «Қазақ әдебиеті тарихынан» лекциялар оқыған.
- 1986 жылдан - қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет істеген.
- 1999 жылдан - қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры,
- 2001 жылдан - қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
Ғылыми жұмысы
- 1984 жылы - профессор Б.Кенжебаевтің басшылығымен «XX ғасыр басындағы қазақ прозасы» тақырыбына кандидаттық,
- 1997 жылы - «XX ғасыр басындағы қазақ романы» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
Шығармалары
- «Қазақ романы»
- «Казахская проза в начале XX века» сияқты монографиялардың авторы.
- «40-60-шы жылдардағы Қазақ әдебиеті»
- «Жазушы шеберлігі»
- «С.Мұқанов»
- «Ғ.Мүсірепов»
- «Қазіргі әдебиеттанудың өзекті мәселелері» сияқты оқу құралдарын жарыққа шығарған.
Қоғамдық қызметі
- Ш.Айтматов атындағы Халықаралық академияның академигі (2003).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}