Бибизия Кенжебекқызы Қалшабаева
Үлгі:Ғалым Бибизия Кенжебекқызы Қалшабаева — тарих ғылымының докторы (2010), профессор (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы
1960 жылы 4 маусымда қазіргі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1987, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын (1993) бітірген.
Орал педагогикалық иснтитутында оқытушы (1987-89, қазіргі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, ҚазМУ-да стажер-зерттеуші (1989-90), оқытушы (1993-95), аға оқытушы (1995-97), доцент (1997-2011) қызметтерін атқарған. 2011 жылдан осы университетте профессор.
Ғылыми бағыты, еңбектері
1995-96 жылдары және 1998 жылы "Түркістан қаласының этномәдени процестері", Алматы облысының кешенді экспедицияларын басқарды.
"Орта Азия қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
70-тен астам ғылыми еңбектің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.</ref>