Бесік керту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бесік керту - отпен аластау ғұрыптарының түрі. Бесік керту баланы бесікке алғаш бөлердің алдында атқарылады. Сондай-ақ бала ұйықтамай, тынышсыздана беретін болса да бесік керту ғұрпы жасалынады. Әдетте бұл ғұрыпты баланың әжесі қыздырылған темірмен бесіктің бала жатар тұсын, арқалығын және басын қари отырып: «Алас, алас, а, құдайым, тіл-көзден сақтай гөр! Тфә, тфә» - деген аластау, қорғау магиясында қолданылатын сөздерді айтады. Мұнысы бесіктегі балаға жын-шайтан жоламасын дегенді ырымдағаны. Сондай-ақ бесікті отпен аластаудың төмендегідей бесікті сырықтау деп аталатын түрі бар. Күндіз болсын, түнде болсын бесікке баланы саларда, металл немесе қыш ыдысқа салынған адыраспан, aршa, қаражусан т.б. хош иісті өсімдіктердің бірін түтетіп, қас күштерді қуып, бесікті тазалайды. Кейде сіріңке шағып, отпен аластап, зиянкестерден қорғану шараларын жасайды. Аластау кезінде, ыдысты немесе тұтанған отты бесіктің бас-аяғын тегіс айналдыра:
Алас, алас, баладан алас
Бәледен қалас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Бәле-жаладан сақта,
Көзі қызыл болмасын,
Көті қызыл болмасын - деген сөздер айтылады. Немесе:
Алас, алас, алас!
Әр пәлеңнен қалас!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Уы жаманның уынан алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, алас!
Қыла гөр алла мың пәлеңнен қалас! сондай-ақ:
Алас, алас, аласы
Келді міне, баласы.
Көш, көш бәлесі
Келді міне иесі. деп бесікті аластап шығып, онан соң барып баланы бөлеуге кіріседі. Баланы тіл-көз тиюден сақтандыру мақсатында темір мен оттың қорғаушы күші бар деген ежелгі ұғымға байланысты бесікті, шүмекті қыздырылған қысқашпен қарып зиянкес күштерден аластайды. Сондай-ақ отқа «сырық тұз» қыздырылып, бесікті осы тұзбен ысқылайды.

Бала бесікте жатқанда шошымау үшін жастығының астына нан, сарымойын пышақ жастайды, бесік басына үкі, қасқырдың тұяғын қадайды. Балаға тұмар тағады. Бала шоши берсе, ішінде суы баржа ыдысты баланың басынан жоғары ұстап, суға балқыған қорғасын құйып жібереді. Бұл ырымды қорықтық деп атайды. Ыдыстың түбіндегі қорғасынның сұлбасы бір жануарға, затқа ұқсас болып тұнады. Хайуандарға ұқсаса, содан шошынғандыгын анықтап, ем-дем жасайды. Кейде сәбидің маңдайына қазанның түбінен алып, қара күйе жағып та қояды.

Бесікте жатқан баланы емізудің де өзіндік әдістері бар. Мойны бір жағына қисық болмасын деп, баланы екі жағынан кезек-кезек емізеді; бесіктің арқалығына қолтығын сүйеп, тізерлеп отырып емізеді; баланы қараңғыда емізбейді, емізер алдында шам жағуы шарт.<ref>Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2</ref> Қазақстанның кей жерлеріне ертеде “бесік кертпе құда” болып, қыз бен ұлды бесіктегі кезінен атастыру салты да болған. Мұндайда ұлдың ата-анасы қыздың бесігін кертіп, теңге тағып, жол-жоралғы жасаған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бесік керту|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}