Берқайыр Сәлімұлы Аманшин
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Берқайыр Сәлімұлы Аманшин (11.11.1924, Орал облысы Қаратөбе ауданы Батпақкөл ауылы — 17.05.1985, Алматы) — ақын, драматург.
- ҚазПИ-ді бітірген (1953).
- Атырау, Жамбыл облыстарында әртүрлі жауапты қызметтер атқарған (1948 — 1952).
- Қазақстан Компартиясы ОК-нің нұсқаушысы (1952 — 53) болды.
- Республикалық газет-журналдар мен баспа орындарында жұмыс істеді.
Шығармалары
- Алғашқы “Өлеңдер” жинағы 1954 жылы жарық көрді.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref>
- “Жылқылы ауылда” (1956)
- “Бұтақтағы бұлбұлдар” (1958)
- “Жетісу—Жайық” (1961)
- “Ақбота” (1963)
- “Менің өмірбаяным” (1964)
- “Маңғыстауым менің ” (1972)
- “Ақ жүректер” (1975)
- “Жайық желі” (1987)
- “Құтты мекен” (1984) өлеңдер мен поэмалар жинақтары
- “Жан мұңы” (1968)
- “Көкжар” (1973)
- “Гүл көтерген” әңгімелер мен повестер кітаптары
- “Махамбеттің тағдыры” романы (1987) жарияланды.
- “Исатайдың семсері” (1966)
- “Таныстық керек” (1968)
- “Жылама, Дәмеш” (1972, М.Гершпен бірге)
- “Маңғыстау оқиғасы” (1983) пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылған.
- Махамбет, Ы.Шөреков шығармаларын жинастырып, жүйелеп бастыруға елеулі еңбек сіңірді.
- Л.Н.Толстой, А.С.Пушкин, С.Юлаев, т.б. шығармаларын, көне орыс әдебиеті ескерткіші — “Игорь жорығы туралы жырды” қазақ тіліне аударған (1951, 1985).<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}