Берік Батырхан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тұлға Берік Батырхан (22 маусым 1990 жыл, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылы) — қазақстандық дирижёр, педагог және ұйымдастырушы.

Еңбек жолын музыкалық оқу орындарында сабақ беруден бастады, соның ішінде Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп-интернатта (2012–2014), Қазақ ұлттық өнер университетінде (2017–2019); Астана қаласы әкімдігінің академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі болған (2015–2023), ал 2022 жылдан бастап BN Team Orchestra халықаралық жобасының негізін қалаушыларының бірі.

Өмірбаяны

2011 жылы. К. Байсеитова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мектеп-интернатын тәмамдады.

2015 жылы. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын опера-симфониялық дирижерлік мамандығы бойынша үздік тәмамдап, доцент Н.С. Жарасовтың сыныбынан білім алды. Студенттік жылдарында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының cимфониялық оркестрінде дирижёр болып, Давид Герингас, Анатолий Левин, Дориан Уилсон сынды танымал дирижёрлердың ассистенті болды.

2017 жылы. Гнесин атындағы Ресей музыка академиясында «Опера және симфониялық дирижёрлеу» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды (РФ еңбек сіңірген қайраткері, профессор В.П. Зива класы).

2015, 2017 жылдары. КСРО халық әртісі, орыс дирижёрі Юрий Иванович Симоновтың жетекшілігімен Мәскеу филармониясында мастер-класстардан өтіп, дирижёрлік шеберлігін жетілдірді.<ref>https://www.classicalmusicnews.ru/interview/simonov-master-course-2017-interview/</ref>

2015–2023 жылдары. Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. Осы кезеңде қазақстандық композиторлардың симфониялық музыкадағы үздік туындыларын насихаттаумен белсенді айналысты. Берік Батырханның басқаруымен ұжымы:

2018–2020 жылдары. Берік Батырхан және «Kenner Artist Music Management Company» ұйымдастыруымен Бангладештің Дакка қаласында өткен «Bengal Classical Music Fest» фестивалінді елордалық симфониялық оркестр өз өнерін көрсетті.<ref>Үлгі:Cite web</ref> «Philharmonic Des Deux Mondes», бірлесе Франция қалаларында өткен «Festival Des Orchestres Du Monde» фестивальдері аясында cимфониялық оркестр гастрольдік тур өткізді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Берік Батырханның жетекшілігімен симфониялық оркестр көптеген белгілі орындаушылармен өнер көрсетті. Олардың қатарында КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова, КСРО халық әртісі Лиана Исакадзе, ҚР халық әртістері Нұржамал Үсенбаева, Жания Әубәкірова және т.б.<ref name=":0" />

2022–2023 жылдары. Польшадағы Jagiellonian University-де «Мәдениет, ғылым және білім беру саласын басқару» бағыты бойынша білім алды. Бағдарлама аясында кәсіби тәжірибеден өтіп, «Collaboration between cultural organizations, business and society» тақырыбында диссертациялық жұмысын сәтті қорғады.

BN Team Orchestra

BN Team Orchestra 2022 жылы Астана қаласында құрылды. Ұжымның негізгі бағыты — симфониялық музыканы кең аудиторияға таныстыру. Бұл мақсатта оркестр мұқият іріктелген репертуарды орындайды, заманауи маркетинг тәсілдерін қолданады және ұзақ мерзімді гастрольдік турларды ұйымдастырады. Оркестрдің ерекше қырларының бірі - домбыра мен қобыз секілді қазақтың ұлттық аспаптарын қолдану. Бұл симфониялық және заманауи өнерді ұлттық дәстүрмен үйлестіріп, қазақ музыкасын шетел сахналарында танытуға мүмкіндік береді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Бүгінгі күнге дейін оркестр 10 елде 500-ден астам концерт өткізді. Олардың қатарында: Қазақстан (барлық өңірлерінде, 20-дан астам қала), Біріккен Араб Әмірліктері (Дубай - Zabeel Theatre, Абу-Даби - New York University, The Red Theatre), Малайзия (Куала-Лумпур - Dewan Filharmonik Petronas), Молдова (Кишинёв - National Palace), Әзірбайжан (Баку - Heydər Əliyev Sarayı), сондай-ақ Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қырғызстан бар.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Марапаттары

  • 2016 — Джордже Энеску фестиваліндегі (Бухарест қаласы, Румыния) халықаралық дирижёрлер байқауының финалисті.
  • 2013, 2015 — Н. Тілендиев, М. Төлебаев, Ш. Қажғалиев атындағы халықаралық және республикалық дирижёрлер байқауларының Гран-при иегері.
  • 2014 — «Шабыт» халықаралық фестивалінің «опера және симфониялық дирижёрлеу» номинациясы бойынша лауреаты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
  • 2019Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы иегері.<ref name=":0" />

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер