Берікбай Сағындықұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Берікбай Сағындықұлы (24 мамыр 1939, Ақжар ауылы, Қызылорда облысы<ref>Үлгі:Cite web</ref> — 11 желтоқсан 2023, Алматы) — қазақстандық ғалым, журналист, филология ғылымдарының докторы (1994), профессор (1997).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>
Еңбек жолы
- ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факултетін (1962), Мәскеудегі КСРО ҒА Шығыстану институтының аспирантурасын (1975) бітірген;
- 1961–72 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, хатшы;
- 1975–79 жылдары «Ғылым» баспасында редактор, редакция меңгерушісі;
- 1979–97 жылдары ҚазМУ-дың қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы;
- 1997 жылдан профессор. Сағындықұлының 2 монографиясы, 7 оқу құралы, 200-ден аса ғылыми және публицистикалық мақалалары бар;
- Қармақшы ауданының құрметті азаматы (2005).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия // Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
Санат:
- Филология ғылымдарының докторлары
- Қазақстан журналистері
- Қазақстан ғалымдары
- Қазақстан филологтары
- Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен марапатталғандар
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары