Маусым жарлығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маусым жарлығы<ref>Қазақ Энциклопедиясы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, 10 том</ref>– “Июнь жарлығы” – Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 маусымдағы “Бұратана” халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі жарлығы.

Толығырақ

Жарлық Қазақстанның <ref>Восстание 1916 ж. в Средней Азии и Казахстане, сб. документов, М., 1960</ref>, Орта Азияның, ішінара Сібірдің 19 бен 43 жастың аралығындағы ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу, т.б.) “реквизициялауды” (“жұмылдыру”, “әскерге шақыру” емес) жоспарлады. Бейнебір малды реквизициялау (өткізу, жеке адамның мүлкін күшпен алу) туралы болып отырған сияқты “реквизиция” сөзі қолданылды. Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан <ref>Қазақстан тарихы, 3-т., А., 2002</ref>, Орта Азиядан 400 мың адам, оның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық адам алу жоспарланды. Бірінші кезеңде 19 – 31 жас, екінші кезеңде 32 – 43 жас аралығындағы азаматтар алынбақшы болды. Олардың тізімін жасау жергілікті болыс басшыларына жүктелді. Патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындары істі жеделдету үшін болыс, старшын және “құрметті ақсақалдармен” жиналыстар өткізіп, “Маусым жарлығын” бұлжытпай тез орындау керек деген шешім қабылдады. Бұл жергілікті жерде патша өкіметіне қарсы халық наразылығының күрт күшеюіне алып келді. Халық наразылығы күннен-күнге өріс алып, Қазақстандағы он алтыншы жылғы көтеріліске ұласты.

Сілтемелер

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Маусым жарлығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}