Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Бейбіт Баймағамбетұлы Мамраев (5 ақпан 1957, Қазгородок ауылы, Нұра ауданы (Қарағанды облысы), Қарағанды облысы, Қазақ КСР) — мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты.

Өмірбаяны

Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы 1957 жылы 5 ақпанда Қарағанды облысының Нұра ауданындағы Қазгородок ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1973 жылы Қарағанды облысындағы Чкалов атындағы совхозда жұмысшы болып бастаған.

1980 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік тәмамдаған.

1980 жылдан бастап Қарағанды кооперативтік институтында оқытушы, кейін доцент болып қызмет етті.

1986 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасын аяқтаған.

1989 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми және басшылық қызметтер атқарды.

1998 жылы «XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ әдебиетінің даму бағыттары» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

2000 жылы профессор атағына ие болды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде профессор болып қызмет етті.

2000–2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің білім және ғылым секторының меңгерушісі, кейін ішкі саясат басқармасының әлеуметтік саясат секторының басшысы қызметін атқарды.

2004–2006 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде Кеңесші және Кеңесші-Елші болды. Осы кезеңде Мәскеу қаласында Абай Құнанбайұлы мен Әлия Молдағұловаға, Волоколамскіде Бауыржан Момышұлы мен И.В. Панфиловқа ескерткіштер орнату жобалары жүзеге асты.

2006–2008 жылдары Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.

2008–2012 жылдары – С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры<ref>https://vku.edu.kz/about-kz/historyofrectors/</ref>.

2012–2016 жылдары – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры<ref>https://asu.edu.kz/university/people/Rector/569/ Үлгі:Webarchive</ref>. Ол басқарған жоғары оқу орындарында стратегиялық менеджмент пен сапалы білім беруді дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Ұлыбритания, Италия, Швейцария, Германия және Польша университеттерімен әріптестік орнатылды. Профессорлар мен оқытушылардың шетелдік тағылымдамалары ұйымдастырылып, Erasmus және екіжақты халықаралық бағдарламалар арқылы студенттер алмасуы кеңейді. 2010 жылдан бастап Монғолиядан келген студенттерге 25 мемлекеттік грант бөлінуіне бастамашы болды.

Қоғамдық-саяси қызметі

Бейбіт Мамраев екі рет Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды, бюджет жөніндегі комиссияны басқарды. Атырау облыстық ІІД Қоғамдық кеңесінің төрағасы болды<ref>https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30426679&ysclid=mgsvfp11ec64997877&pos=12;-15#pos=12;-15</ref>.

2016–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметін атқарды<ref>https://basnews.kz/news/3641</ref>.

Ғылыми еңбектері

Мамраев Б. Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдеби байланыстары. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты / Қазақ педагогикалық институты. Алматы, 1986<ref>https://search.rsl.ru/ru/record/01000039277?ysclid=mgsxglupaz60748108</ref>.

Мамраев Б. Б. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ әдебиетінің дамуының негізгі үрдістері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. Алматы, 1998<ref>https://rusneb.ru/catalog/000200_000018_RU_NLR_bibl_154910/?ysclid=mgt30bks3a589253755</ref>.

Б.Мамраев — 200-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Негізгі еңбектері:

  • «Қазақ әдеби байланыстары XX ғасырдың басында» (1991);
  • «XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ әдебиетінің даму бағыттары» (1998);
  • «Қазақ әдебиетінің тарихы» (түрік тілінде, 1999).
  • С.Торайғыровтың 2 томдық жинағын құрастырушылардың бірі.

Марапаттары мен атақтары

Ғылыми дәрежесі – филология ғылымдарының докторы (1998), профессор (2000). Еуразия халықаралық экономикалық академиясының (2010) және Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының (2015) толық мүшесі (академик).

  • «Құрмет» ордені (2011);
  • «Белсенді қызметі үшін» медалі (Нұр Отан партиясы, 2011);
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне» 10, 20 және 25 жыл медальдары;
  • «Қазақстан Ресубликасы Конституциясына» 10 және 20 жыл медальдары;
  • «Астанаға 10 жыл», «Астанаға 20 жыл» медальдары;
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерейтойлық медалі;
  • «Ы. Алтынсарин» және «А. Байтұрсынұлы» төсбелгілері;
  • ҚР Ұлттық олимиада комитетінің төсбелгісі (2009);
  • ҚР Ішкі істер министрлігінің «Қайсар» төсбелгісі (2011);
  • Монғолияның «Баян-Өлгейге 70 жыл» (2010), «Монғол революциясына 90 жыл» (2011) медальдары.
  • Қазақстан Респуликасы Президенті Н.Назарбаевтың алғыс хаттары (2007, 2011, 2015)
  • Қалмақ Ресубликасы Үкіметінің алғыс хаты (2014),
  • «Алтын барыс» төсбелгісі (2017)

Отбасы

Жұбайы — Мамраева Алма Құрамысқызы, тарих ғылымдарының кандидаты.

Ұлы мен қызы бар.

Сілтеме

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл. ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер