Бегім Ана Мұнарасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Begim Ana.jpg
Бегім Ана Мұнарасы

Бегім ана мұнарасы - шамамен X — XII ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Қызылорда облысы Арал ауданы Жаңақұрылыс ауылынан оңтүстікке қарай 35 км жерде. 1979 жылы Қазақстан Тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының экспедициясы (жетекшісі Ә.Оспанов) зерттеген. Аңыз бойынша, Бегім ана Жанкент әмірінің әйелі, нақақ жаланың құрбаны болған. Мұнара шикі кірпіштен тұрғызылған, екі қатар күйдірілген кірпішпен (23х26х6) қапталған. Биіктігі 10,5 м. Жоғары қарай сәл қусырыла келген сегізқырлы призма пішінді, төбесі пирамида болып біткен. Орта деңгейге (шамамен 5,5 - 6 м) дейін мұнара бағанасы тұтас, одан жоғары бөлме бар; бұған шығыс жағындағы аркалы ойық арқылы кіруге болады. Мұнара ескерткіш үшін де, не әлдебір белгі беруге, қарауыл қарауға арналып салынуы да мүмкін деген болжам бар. Қазақстанда осы тәріздес ортағасырлық мұнаралар (Ұзын там, Сараманқоса) көп кездеспейді, ал Орта Азияда мүлде жоқ. Бірақ “мұнаралы кесене” деген атаумен белгілі (XIII - XIV ғасырлардан кейін) мұндай ескерткіштер Иран, Түркия, Әзербайжанда кең тараған. Бұл жағдай осы елдерге Арал аймағынан түркі тайпаларының ығысып баруына байланысты болуы мүмкін. 1989 жылы мұнара өңдеуден өтті. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}