Бақыткүл Ұзаққызы Байқожаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғалым Бақыткүл Ұзаққызы Байқожаева — техникалық ғылымдарының докторы (2003), профессор (2006).

Өмірбаяны, еңбек жолы

1963 жылы 29 мамырда Қызылорда облысында туған.
Самарқан (Өзбекстан) мемлекеттік кооперативтік институтын (1984), Мәскеу кооперативтік институтының аспирантурасын бітірген (1990). Мəскеу мемлекеттік университетінде қызметкер (1990-1991), Жамбыл жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі институтында (1991-2001, қазіргі Тараз мемлекеттік университеті), Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (2001-04), Жетісу мемлекеттік университетінде профессор, (2004-06) оқытушы, Экономика жəне құқық академиясының проректоры, кафедра меңгерушісі (2006-11), Қазақ технология жəне бизнес университетінің оқытушысы (2011-12) болды. 2012 жылдан Еуразия ұлттық университетінің профессоры.

Ғылыми еңбектері

Ғылыми бағыты – қауіпсіз ауылшаруашылығы жəне тамақ өнімдерін сертификаттау, стандарттау жəне сапасын арттыру. "Астық жəне астық бұршақты қолдану арқылы жалпы жəне емдік-профилактикалық қауіпсіз тамақ өнімдерін алудың теориялық жəне эксперименталдық негіздемелері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 130-дан астам ғылыми жарияланымның, 11 оқу құралының, 3 монографияның, 7 патенттің, 2 авторлық куəліктің авторы.<ref>Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер