Бақытжан Қауасқанұлы Майтанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бақытжан Қауасқанұлы Майтанов (27 наурыз, 1952 жыл, Алматы облысы, Қаратал ауданы Сарықамыс ауылында туған) - журналист, әдебиет сыншысы, әдебиеттанушы, профессор, 1997 жылдан ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі.

Өмірбаяны

  • 1974 жылы ҚазМУ-дің журналистикс факультетін бітірген.
  • «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан» газетінде тілші болған.
  • 1974 — 1990 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына, аға лаборант, кіші аға ғылыми қызметкер
  • 1990 жылы Қазақ энциклопедиясы бас редакторының орынбасары
  • 1990—1996 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, профессор
  • 1996—1999 жылдары Қазақ мемлекеттік Заң университеті қазақ, орыс, шығыс тілдері кафедрасында профессор болып қызмет етті.
  • 1998 жылдан ҚР Ұлттық ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығының жетекшісі.
  • 2000 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасының меңгерушісі.

Жетістіктері

  • 2004 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы I дәрежелі сыйлығын алған
  • 2006 жылы «ҚР Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» атағына ие болған
  • 2008 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» атты төс белгісімен марапатталған.

Шығармалары

Әдебиет сыны мен әдебиеттану саласына 1969 жылдан бастап араласып, республикалық газет-журналдарда жарияланған мақалаларымен көрініп келеді. Үш жүзге жуық әдеби-сын, әде-биеттанушылық сипаттағы мақалалары жарық көрген.

  • М.Әуезовтің шығармаларының елу томдық академиялық басылымына ғылыми жетекшілік жасауда.
  • Қазіргі қазақ прозасындағы замандас бейнесі. Зерттеу. А., «Ғылым», 1982;
  • Көркемдік нәрі. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1983;
  • Қаһарманның рухани әлемі. А., 1987;
  • Суреттеу мен мінездеу. А., 1991;
  • Мұхтар Әуезов - суреткер. А., 1996;
  • Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996;
  • Мағжан Жұмабаевтың поэтикасы. А., 2001;
  • Сөз сыны. А., 2002;
  • Романның баяндау жүйесіндегі автор. А., 2003;
  • Көркем әдебиеттегі психологизм. А., 2004;
  • Абай; Портрет поэтикасы. А., 2006;
  • Монолог құрылымы. А., 2006.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер