Батыс үстірт кемері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Батыс Үстірт кемеріҮстірт жазығының тік құлама жарлармен шектелген батыс жиегі. Оңтүстігіндегі Қарынжарық сорынан (Маңғыстау облысында) солтүстігіндегі Желтауға (Атырау облысында) дейін 900 км-ге созылған. Кемерінің биіктігі 60-220 м. Беткі қабаты неогендік әктастан, гипстен түзілген, олардың астындағы қабаттар палеоген мен мезозойдың көлбеу қыртыс шөгінділерінен тұрады. Беткейлерінің әр түрлі пішіндері эрозиялық және денудациялық процестердің нәтижесінде пайда болған. Гипс пен әктастың шаймалануынан карстық құбылыс кең тараған. Бұл өңірдің климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы солтүстігінде - 10°С, оңтүстігінде - 4°С. Шілденің орташа температурасы 27°С, кейде 47°С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 130-200 мм. Кемер бойында суы кермек татитын бұлақтар жиі кездеседі. Жер асты суы 1-5 м тереңдікте. Тұрақты ағыны бар өзендер жоқ. Жер бетінде сортаң, сор және тұзды сор топырақ қалыптасқан. Бұйырғын, көкбуын, баялыш, жусан, күйреуік, т.б. сораң шөптер мен бұталар (сексеуіл, жүзгін) өседі. Кемердің шың-қияларында Үстірт муфлоны, қарақұйрық, қарақал, жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, бүркіт, жыланжегіш, т.б. жануарлар, құстар тіршілік етеді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Батыс үстірт кемері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}